Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ-ның 100 жас маманы OiLeaders бағдарламасы бойынша оқуды бастады

20.10.2026

Ақтау қаласында мұнай-газ саласындағы көшбасшылардың жаңа буынын даярлауға бағытталған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ OiLeaders корпоративтік бағдарламасының алғашқы модулі басталды.

Конкурстық іріктеуден сәтті өткен ҚМГ компаниялар тобының 100 жас маманы оқуға кірісті. Жалпы бағдарламаға 435 қызметкер өтінім берген еді.

ҚМГ басшысы Асхат Хасенов өз сөзінде білікті кадрларды даярлау ұлттық компанияның негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
— ҚМГ мұнай-газ секторы үшін сұранысқа ие мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жаңа технологиялар саласындағы құзыреттердің маңызы арта түсуде. Жасанды интеллект негізіндегі цифрлық шешімдерді енгізу, өндірістік және бизнес-процестерді автоматтандыру мамандардан тек кәсіби білімді ғана емес, сонымен қатар жүйелі ойлауды, бастамашылдықты және өзгерістерге дайын болуды талап етеді. OiLeaders бағдарламасы сіздердің көшбасшылық қабілеттеріңізді дамытуға, басқарудың заманауи тәсілдерін меңгеруге және алған білімдеріңізді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді деп сенемін. Бүгінде бізге жаңа идеяларды ұсынып қана қоймай, оларды өндіріс тиімділігін арттыруға және ұлттық компанияны одан әрі дамытуға бағытталған нақты шешімдерге айналдыра алатын жас мамандар қажет, — деді А.Хасенов.

Бағдарламаның алғашқы модулі негізгі құзыреттерді дамытуға, жеке тиімділікті арттыруға және кәсіби міндеттерді шешуге қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған. Сондай-ақ командалық жұмыс пен тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлінеді.

Жоба қорытындысы бойынша үздік 20 маманды ҚМГ-ның кадр резервіне енгізу ұсынылатын болады.

Еске сала кетейік, биыл тамыз айында Астана қаласында ҚазМұнайГаздың жастар форумы өтіп, оған 200 жас маман қатысты. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 100 қатысушы OiLeaders бағдарламасы аясында оқуын жалғастыруға мүмкіндік алып отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>